
Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оныншы сынып оқушысы Рамазан Пердебай 29-шы халықаралық "Туймаада" олимпиадасының күміс медаліне ие болды. Байқауда әлемнің түрлі елдерінен келген оқушылар математика, физика, информатика және химия пәндері бойынша өз білімдерін көрсетті.
Олимпиада Саха Республикасы Якутск қаласында өтті. Оған алты елден – Румыния, Қазақстан, Ресей, Сингапур, Иран және Индонезиядан 355 оқушы қатысты.
Зияткерлердің жұмысын бүкілресейлік және халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың қазылар алқасы мен әдістемелік комиссияларының беделді мүшелері бағалады.
Биыл Қарағанды облысынан жалғыз ғана Рамазан Пердебай өтініш берген болатын. Және ол жоғары білімін көрсетті. Бұл оның "Туймаада" олимпиадасындағы "информатика" санатындағы екінші күмісі.
– Мен олимпиадаға онлайн қатыстым, – дейді Рамазан. – Тапсырмалар әртүрлі болды – жеңіл де, қиын да, бірақ бәрі түсінікті. Жеңіске жету үшін сәл уақыт жетпкй қалды. Тапсырмаларды орындауға барлығы бес сағат бөлінді. Ерекше дайындық болған жоқ, Мен күн сайын дерлік айналысамын. Дайындалуыма информатика пәнінің мұғалімі Ертуған Мүслім көмектесті.
Рамазан олимпиадаларға алтыншы сыныптан бастап қатысады. Ол бірнеше рет Қарағанды облысын халықаралық конкурстарда таныстырған. Оның қоржынында Еуропалық жасөспірімдер олимпиадасының, Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қола медалі, өткен жылғы оқушылардың Республикалық Олимпиадасының алтыны бар.
Рамазан келесі жылы әлемнің барлық елдерінен ең мықты балалар жиналатын IOI мектеп оқушылары арасындағы информатика бойынша Халықаралық олимпиадаға қатысуды жоспарлап отыр.