Қарағандылық оқушыларды футболдан тегін жаттығуға шақырады

Қарағандылық оқушыларды футболдан тегін жаттығуға шақырады

Amanat балалар футбол клубы оқушыларды тегін футбол сабақтарына шақырады. Жаттығулар күн сайын Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді.

Сабақтар жазда жаңа футбол алаңдарында өтеді. Онда 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар жаттығады.

– Біздің футбол клубымыз екі жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Бізде балалар жан басына қаржыландыру бағдарламасы бойынша футболмен айналысады. 250-ден астам бала, – деді Amanat балалар футбол мектебінің жетекшісі Андрей Миронов. – Сондай-ақ бізде негізгі команда бар. Саябақта тегін сабақтар футболды көпшілікке тарату және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін ұйымдастыруды ұйғардық.

Тегін сабақтарға 25-тен астам бала жазылды. Футбол мектебі барлығын бірнеше топқа бөліп, күнделікті сабақ өткізуді көздеп отыр.

– Саябақта біз үш алаң жабдықтадық, екеуінде сабақ өткізетін боламыз. Үшіншісі – барлық тілек білдірушілер үшін. Олар алдын-ала жазылып, сол жерде футбол ойнай алады. Тіпті ересектер де, – деді Андрей Миронов.

Сіз 8-775-729-67-03 нөмірі бойынша тегін сабақтарға жазыла аласыз. Футбол клубы туралы қосымша ақпаратты Instagram-дағы Amanat парағынан табуға болады.