
Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып Қайрат Қамзин тағайындалды.
Мемлекеттік қызметте ол 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Түрлі лауазымдарды атқарды. Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасының жетекші маманы, кейін Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы болды.
2007 жылдан 2010 жылға дейін Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді.
2010–2012 жылдары – облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары.
2012 жылдың желтоқсан айынан 2021 жылдың наурыз айына дейін Приозерск қаласының әкімі қызметін атқарды.
Осы уақытқа дейін Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы – Қарағанды облысының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болды.