
Құрметті қарағандылықтар!
Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке бізді туған-туыстарымыз бен жақындарымызға, айналамыздағы адамдарға жылулық пен мейірімділік сыйлауға, игі істерге мұрындық болуға үндейді. Сонымен қатар Құрбан айт мерекесі бір бірімізге деген адал ниетімізді паш етіп, жоғары адамгершілік құндылықтарды дәріптейді. Мұның барлығы халқымыздың бірлігінің бекем болуына ықпал етеді.
Бұл күні адамдар жақындарының хал-жағдайын біліп, үлкендеріне сәлем беріп, науқас жандардың көңілін сұрайды. Өмірден озған адамдарға Құран бағыштап, құрбандық шалып, қолдауға мұқтаж жандарға көмек көрсетеді.
Құрбан айт – адамгершілік пен өзара түсіністік сынды ең ізгі амалдар көрініс табатын, мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған ұлық мереке. Ол ғасырдан ғасырға жалғасқан дәстүрімізбен және әдет-ғұрпымызбен үндестік тауып, барша Қазақстан халқын топтастыруда үлкен маңызға ие болып келеді. Осынау қасиетті мереке күні сіздерге амандық пен жақсылық тілейміз!
Құрбан айт мерекесі құтты болсын!