
Абай қаласында "Қазақшаң қалай, балақай?" атты мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері арасында өткен байқаудың қорытындысы шығарылды. "Таңшолпан" балабақшасының бүлдіршіндері жеңімпаз атанды.

Байқауға мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілін оқып жүрген түрлі ұлт өкілдері қатысты. Олар мемлекеттік тілде өлеңдерден үзінділерді жатқа оқыды, әндер орындады, сұрақтарға жауап берді, диалог құрады. Қазылар алқасының мүшелері айтылымның тазалығын, тілді білу және көпшілік алдында сөйлеу қабілетін бағалады.

Қазылар алқасының мүшелері бірінші орынды "Таңшолпан" бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері Иван Старцун мен Дарина Фаризоваға берді. Бес жасар бүлдіршін дер Ахмет Байтұрсыновтың "Оқуға шақыру" өлеңін жатқа айтып, "Қазақстан бақытты" әнін орындап, туған қаласы туралы "Туған жерге тағзым" бейнесін ұсынды.

– Біздің тәрбиеленушілеріміз мемлекеттік тілді қызығушылықпен үйренуде. Байқауға олар алғаш рет қатысты. Балалар біраз уайымдады, бірақ жеңіске деген ерік күшті болды. Диалог барысында олар туған қаласы, оның тарихы туралы айтып берді, – дейді Қазақ тілі оқытушысы Айжан Жүкенова. – Біз жас шешендерімізді құттықтаймыз және байқаудың келешекте жалғасын тапқаның қалаймыз.

Екінші орынды Топар кентінің "Айналайын" және "Золушка" бөбекжайларының тәрбиеленушілері иеленді. Үшінші орынды "Балдәурен" мен "Солнышко" өзара бөлісті.
Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.
"Қазақшаң қалай, балақай?" жас шешендер байқауының ұйымдастырушылары – Абай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.