
Қарағандыда "Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра" атты домбырашылардың облыстық байқауы өтеді. Шараға қатысу үшін ұлттық аспап – домбырада ойнау өнерін меңгерген этнос пен этномәдени бірлестіктердің өкілдері шақырылады. Жас шектеулері жоқ.
Байқауға қатысушылар кез-келген күй орындауына болады.
Құзыретті қазылар алқасы орындау сапасы мен шеберлігін, сахналық бейімділіктері мен ұлттық костюмін бағалайтын болады.
Үш жеңімпаз лауреат атанады, қалған қатысушылар конкурстың дипломанты болады.
Өтінімдер 24 шілдеге дейін электрондық пошта арқылы қабылданады: otdel_razvitia_dd@mail.ru, otdel_omm@bk.ru.
Толығырақ ақпарат ережеде көрсетілген.
Байқау 27 шілде күні Достық үйінде өтеді.
Анықтама телефондары: (8-7212) 90-03-04, 90-03-22, 90-03-18, +7-707-420-40-50, +7-775-989-45-43.
Іс-шараны ұйымдастырушы – Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ.