Жас қарағандылықтарды "Кітапханадағы Жаз" акциясына қатысуға шақырады

Жас қарағандылықтарды "Кітапханадағы Жаз" акциясына қатысуға шақырады

Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасында балалар мен жасөспірімдерге арналған "Кітапханадағы Жаз" дәстүрлі акциясы өтуде. Ол 6 маусымда басталды, содан бері әр апта сайын түрлі талғамға сай іс-шаралар өтеді.

Шілдеге арналған іс-шаралар тізімі:

11 шілде

10:00–11:00 – "Шиден дөңгелек жасау" шеберлік сабағы.

11:00–11:30 – "Ертегілер әлеміне саяхат" онлайн-ертегісі.

11:30–12:00 – "Қазақ тілін бірге үйренейік" (қазақ тілін ойындар мен ертегілер оқу арқылы меңгеру).

13 шілде

10:00–10:30 – "Қағаздан бұйымдар жасау" шеберлік сабағы.

10:30–11:00 – "Ойлан тап!" (балалар фильмдерінен үзінділер).

11:00–12:00 – балаларға арналған ағылшын тілін меңгеру (ойындар, мультфильмдер көру).

18 шілде

10:00–11:00 – "Мен кітапты суреттеймін" арт-сабағы, "Сүйікті ертегілер" пазл құрастыру.

11:00–12:00 – "Кітапханалық тығылыспақ" ойыны.

20 шілде

10:00–11:00 – "Кейіпкерлерді тап!" (мультфильмдерден үзінді көрсету).

10:30–11:00 – "Ертегілер әлеміне саяхат" онлайн-ертегісі.

11:00-12:00 – балаларға арналған ағылшын тілін меңгеру (ойындар, мультфильмдер көру).

25 шілде

10:00–11:00 – "Балалар йогасы" ойын алаңы.

11:00–12:00 – "Қазақ тілін бірге үйренейік" (ойындар, ертегілерді оқу).

27 шілде

10:00–11:00 – "Квиллинг" хоббиі.

11:00–12:00 – Балаларға арналған ағылшын тілін меңгеру (ойындар, мультфильмдер көру).

Акция 15 тамызға дейін жалғасады. Оқиғаларды Instagram-дағы @karlib_kz парақшасында қадағалаңыз.