Қарағандының орталық саябағында Елорда күні қалай атап өтіледі

Қарағандының орталық саябағында Елорда күні қалай атап өтіледі

Биыл Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтанға 24 жыл толады. Күні бойы Қарағандының Орталық саябағында осы күнге орай мерекелік іс-шаралар өтеді.

Мерекелік шаралар сағат 11:00-де Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрі музыканттарының орындауынан басталады.

Сағат 12:00-де "Әнім саған – Елорда!" балалар вокалдық және хореографиялық ұжымдарының қатысуымен балалар шығармашылығының фестивалі өтеді.

Көрермендер "Астана" театр студиясының қойылымын тамашалайды. Мерекелік бағдарламаны "Миллениум" хореографиялық ансамблі және Dionis эстрадалық-вокалдық студиясы дайындады.

Жағалаудың алдындағы аумақта "Шеберлер қаласы – Город мастеров" арт-көрмесі өтеді. Мұнда қарағандылықтар үшін кітаптар мен ұлттық әшекейлердің экспозициялары, қолданбалы өнер мен гитарада ойнаудан шеберлік сабақтары болады. Кішкентай қарағандылықтарға "Мальвина" қуыршақ театры "Мейірімді зообақ" көрсетеді.

Сағат 18:30-да үш сағаттық кешкі концерттік бағдарлама басталады. Жастар эстрадасының әртістері аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" тобының құрылғанына 55 жыл және әнші әрі композитор Батырхан Шүкеновтің 60 жылдығына арналған нөмірлер дайындады. Mosaic live band және Ivory live band кавер-топтары Фархат Сапан, Аружан Мәнжі, Арайлым Жүкенова және Аида Берікқызы өнер көрсетеді. Би музыкасына DJ Style жауап береді.