
ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанттары Захар мен Назар Коваленко Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен жасөспірімдер арасындағы гір сорты бойынша әлем чемпионатында алтын мен күміс жеңіп алды.

Жарыс сегіз елден – Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан, Пәкістан және Монғолиядан екі жүзден астам спортшыны жинады. 18 жастағы Захар Коваленко 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

– Ағам назар екеуміз бес жыл бұрын, 13 жаста болғанда, гір спортына әуестене бастадық. Біз Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Красноярка шағын ауылының тумасымыз. Мен 73 келіге дейінгі, ал Назар 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеттік, – дейді Захар. – Чемпионатта қиын болды. Себебі додаға түрлі елдердің мықты спортшылары жиналды. Бәсекелестік үлкен. Бірақ біз жауапкершілікті түсінгендіктен, байсалды болдық, өйткені біз елдің намысын қорғадық.

Ағайынды Коваленколар – спорт шеберіне үміткер. Захар – Қазақстанның бес дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы, рекордшы. Алтын медаль жеңіп алып, әлем чемпионы атанды. Назар – Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, Азияның екі дүркін чемпионы. Ол әлем чемпионатының күміс медалін жеңіп алды.

– Мен бірінші рекордымды 2020 жылы орнаттым. Бұл 16 кг екі гірді ұзын циклімен жұлқып көтеру. Келесі жылында мен басқа жас санатына – үлкен юниорларға ауыстым. Онда да "24 кг екі гір итеру" жаттығуында 73 кг дейінгі салмақ дәрежесінде рекорд орнаттым. "Ұзын цикл" жаттығуында да рекорд – 98 көтеру бар. 2021 жылы мен 73 кг дейінгі категорияда тағы бір рекорд жасадым, "24 кг салмақ көтеру" жаттығуында мен 223 көтерудің нәтижесін көрсеттім. Азия чемпионатында өз рекордтарымды жаңартып, 225 рет гір көтердім, – дейді Захар.

Ағайынды Коваленколар – болашақ криминалистер.

– ҚР спорт шебері нормативін орындау, сондай-ақ мүмкіндігінше келесі чемпионаттарда, бірақ басқа жас санатында – жастар арасында жақсы өнер көрсету жоспарда бар. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, – деп атап өтті курсанттар.
