2022 жылдың 5 айында Қарағанды облысының төлеушілерінен медициналық сақтандыру қорына 19,4 млрд теңге түсті

2022 жылдың 5 айында Қарағанды облысының төлеушілерінен медициналық сақтандыру қорына 19,4 млрд теңге түсті

2022 жылдың 5 айында Қарағанды облысының төлеушілерінен Қорға 19,4 млрд теңге түсті. Оның ішінде 10,9 млрд – бұл жұмыс берушілердің өз қызметкерлері үшін аударымдары, 8,5 млрд – қызметкерлердің, ЖК, АҚС, дербес төлеушілердің жарналары. Орта есеппен, ай сайын Қарағанды облысының төлеушілерінен шамамен 4 млрд теңге түседі.

Қазақстанның 11 миллионнан астам тұрғыны жеңілдікті санатқа жатады – зейнеткерлер, балалар, мүгедектер, жүкті әйелдер және т. б.

– Қорға түсетін барлық қаражат жинақталмайды. Олар бірден біздің медициналық ұйымдары көрсететін көмек түрлері үшін ақы төлеуге жіберіледі. Қор арқылы көмектің барлық түрлері қаржыландырылады, мейлі ол емханалық, стационарлық көмек, әлеуметтік маңызды аурулар – ЖИТС, туберкулез және т. б. орта есеппен, МӘМС пакетінен біздің облыс, атап айтқанда, ай сайын медициналық ұйымдарға 5 млрд теңгеге жуық қаржы аударады, – дейді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.

Қорға алғашқы төлемдер 2017 жылдың шілдесінен басталды. Бүкіл кезеңде еліміз бойынша медициналық сақтандыру қорына 1 трлн теңгеден астам қаржы түсті, Қарағанды облысының үлесі 90 млрд теңгеден асады. Түсімдер бойынша біздің өңір еліміз бойынша Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан кейін 3-ші орында.

Медициналық сақтандыру қоры Қарағанды филиалының хабарлауынша