Қарағандылық түлекті жеті шетелдік жоғары оқу орны оқуға шақырды

Қарағандылық түлекті жеті шетелдік жоғары оқу орны оқуға шақырды

Қарағанды NIS түлегі Адихан Түйшиев жеті шетелдік ЖОО-нан оқуға шақыру алды. Жас жігіт өз өмірін IT-технологиялармен байланыстыруды жоспарлап отыр.

Адихан Түйшиев 18 жаста. Биыл ол NIS-ті бітіріп, бірден бірнеше шетелдік университеттерге емтихан тапсырған.

– Маған Америкадан, Сингапурдан, Венгриядан, Германиядан және басқа елдерден шақырту жіберілді. Мен Германиядағы Jacobs University Bremen-ді таңдадым, өйткені ол маған толық грант берді. Бұл халықаралық оқу орны, онда бүкіл әлемнің студенттері оқиды. Олар ағылшын тілінде сабақ береді, – дейді Адихан.

Болашақ студент нақты ғылымдарда да, IT-бағытта да жетік. Ол көптеген облыстық және республикалық олимпиадалардың, конкурстардың жүлдегері. Сондай-ақ, Адихан спортпен шұғылданады және көп оқиды. Оған ҰБТ-да 140 балдан 137 балл жинауға табиғи қызығушылық пен қажырлы еңбегі көмектескенін айтады. 

Ол мектепті "Алтын белгіге" бітірген.

– Маған білім берген ұстаздарыма ризамын. Олар маған көп нәрсені үйретті, таланттарымды ашты. Мен дарынды балалар үшін барлық жағдай жасалған NIS-те оқығаныма қуаныштымын. Біздің мектепте оқушыларды шабыттандыратын және ынталандыратын ерекше энергетика бар, – деп бөлісті түлек.

Германияда жоғары білім алғаннан кейін Адихан Қазақстанда жұмыс істеуді жоспарлап отыр.