Қарағандылық жанкүйерлерді дзюдодан Қазақстан чемпионатына шақырады

Қарағандылық жанкүйерлерді дзюдодан Қазақстан чемпионатына шақырады

4–6 шілде аралығында Қарағандыда дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді. Жарыс Қанат Байшолақов атындағы спорт кешенінде өтеді.

Республикалық біріншілікте жеңіске жету үшін еліміздің барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 400 мықты спортшы бақ сынайды.

Ұйымдастырушылар жас дзюдошылар арасында қызықты жекпе-жектер өтеді деп уәде етеді.

Спорт кешенінің мекен-жайы: Шахтерлер даңғылы, 20/1.

Кіру тегін.