
«Тоғысқан тағдырлар» фотоэкспозициясы 5 шілдеде Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында ашылады. Көрме елорда күніне орайластырылған.
1994 жылы елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы жарияланған сәттен бастап әлеуметтік, мәдени және тұрғын үй объектілерінің белсенді құрылысы басталады. Теміртау кәсіпорындары да өз үлестерін қосты.
«Уақыттың әртүрлі кезеңінде құрылыста «Имсталькон-Теміртау» құрылыс-монтаж компаниясының, «Техол-УДР» корпорациясының, «Водоканалстрой» компаниясының өкілдері жұмыс істеді. «NORD Пром НС» кәсіпорнының өнімі әлі күнге дейін елорданың жаңа тұрғын үй кешендерін салуда жиі қолданылады», – дейді көрме ұйымдастырушылары.
Ореn air форматындағы фотоэкспозиция мұражайдың қасбеттік терезелеріне орналастырылады. Мұнда сәулет нысандарының суреттері мен олардың құрылысына қатысқан кәсіпорындардың суреттері ұсынылады.
Айта кету керек, теміртаулықтар «Бәйтерек» монументінің, ҚР Президентінің «Ақорда» резиденциясының, «Нұрлы жол» теміржол вокзалының, «Атамекен» этнопаркінің, «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме павильондарының, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы, елордалық цирктің құрылысына атсалысты.
Көрменің басталуы сағат 12:00-де.