Қарағанды облысының оқушысы республикалық Мағжан оқуларында үшінші орын алды

Қарағанды облысының оқушысы республикалық Мағжан оқуларында үшінші орын алды

Шет ауданының 10 сынып оқушысы Толғанай Мейіржанқызы Мағжан оқуларында үшінші орын алды. Петропавлда ғылыми-шығармашылық байқаудың республикалық кезеңі өтті. Оған еліміздің барлық өңірлерінен жалпы білім беретін мектептердің 7–11 сыныптарының 51 өкілі қатысты.

Барлық қатысушылар –  Мағжан оқуларының облыстық кезеңінің жеңімпаздары.

Республикалық ғылыми-шығармашылық байқау жыл сайын өткізіледі. Оның мақсаты – өскелең ұрпақты Мағжан Жұмабаев мұрасымен таныстыру және дарынды оқушыларды қолдау.

Жас таланттар үш номинация бойынша жарысты:

- "Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім" – Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу сайысы;

- "Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған" – ақынның шығармаларын орындау;

- "Жасынан оқу оқып, өнер қуған..." – ғылыми-жобалау жұмысы (Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын зерттеу).

Байқау қорытындысы бойынша Шет ауданы Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы Толғанай Мейіржанқызы "Жасынан оқу оқып, ғылым қуған..." номинациясында үшінші орынға ие болды. Жетекшісі – Бану Түсіпханова.

Байқаудың танымдық сипаты да болды: қатысушылар Мағжан Жұмабаев туған Сартомар ауылына барып, мектеппен және мұражаймен танысып, ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды