
1 шілде күні Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасында Ұлттық домбыра күніне арналған "Домбыра – халық даналығы" музыкалық панорамасы өтеді. Іс-шара сағат 11:00-де басталады.
Музыкалық панорамаға "Ақжелең" ансамблінің музыканттары Ислам Көшенов, Бозғұлбек Шәмші және "Арқа әуені" дәстүрлі ән үйірмесінің қатысушысы Мағжан Мыңбаев қатысады.
"Өнер сүйер қауым музыканттармен бірге домбыра тартып, ән айта алады", – деп атап өтті кітапханада.
Ұлттық домбыра күні 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жарлығымен бекітілді. Қазақстандағы ең көне музыкалық аспап мерекесі шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі.