Қарағанды музкомедия театрында QR-кодтары бар тақтайшалар орнатылды

Қарағанды музкомедия театрында QR-кодтары бар тақтайшалар орнатылды

Қарағанды академиялық музыкалық комедия театрында кезінде өнер саласында қызмет еткен еңбек сіңірген қызметкерлер мен әртістерді еске алу үшін QR-кодтары бар атаулы тақтайшалар орнатылды.

– Біз Владимир Суховты, Галина Кожушкинаны, Владимир Акрачковты, Владислав Злыгаревті, Александр Малявскийді еске алуға бес тақтайша орнаттық. Бұл сахна тарихында жарқын із қалдырған театрдың майталмандары. Белгілер грим бөлмелерінің есіктерінде, театр галереясында орнатылған, – дейді театр директоры Амантай Ибраев. – QR-код арқылы келушілер біздің сайтқа кіріп, онда әртістің шығармашылық жолы туралы ақпаратпен таныса алады.

Тақтайшаларды орнату – "Естелік үшін" жобасының жалғасы, оның аясында ҚАМКТ қызметкерлері жас өнер сүйер қауымды театр тарихымен, труппамен, репертуармен таныстырады және еңбек сіңірген әртістерді еске алу кештерін өткізеді.

"Грим бөлмесіне өту оңай емес. Бірақ біз бұл бағытты оқушылар мен студенттер үшін жиі өткізетін экскурсиялар жоспарына қосуды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, әртістердің өмірбаянымен Қарағандыға гастрольмен келген басқа қалалардан келген актерлер таныса алады", – деп қосты театрда.

Жақында ғана Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры "Үздік театр" номинациясы бойынша жыл сайынғы "Еңлік гүл" театр сыйлығына ие болды. "Жылдың ең үздік театры" номинациясы бойынша "Буратино" театр-студиясының суретшісі Роксана Петрова марапатталды. "Еңлік гүл" ("Эдельвейс") сыйлығын 2010 жылы Қазақстан Театр қайраткерлері Одағы бекіткен болатын.

Ал қазір театрда шағын демалыс. Елуінші театр маусымының ашылуы 19 тамызда сағат 18:30-да Кеншілер мәдениет сарайында өтеді. Өнер сүйер қауымға екі актілі "Сильва" опереттасы ұсынылады.