
ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы елуінші рет офицерлерді үлкен өмір жолына шығарып салды. Биыл оқу ордасын 250 адам аяқтады.

Түлектерге дипломдарды ІІМ министрі Марат Ахметжанов пен облыс басшысы Жеңіс Қасымбек табыс етті.

Дәстүр бойынша жаңадан қатарға қосылған офицерлер уақыт капсуласын салды. Курсанттар жолдауы 2042 жылға – Қазақстан полициясының 50 жылдығына жолдады.

Ал академия қонақтары қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің ескерткіші алдына гүл шоқтарын қойды.

Марат Ахметжанов түлектерге адал қызмет етуді, ата-аналарының, оқушылардың, оларға үлкен үміт артатындардың сенімін ақтай отырып, әрқашан антқа адал болуды тіледі.
– Мен сіздерге үлкен үміт артамын. Сіздер жаңа көзқарасыңызбен, жаңа идеяларыңызбен жаңа ағын қалыптастырғандарыңызды қалаймын. Адал қызмет етіп, кәсіптік даярлықты арттыру керек. Қазір бұл үшін барлық мүмкіндіктер бар, – деді Марат Ахметжанов түлектерге.

Әділ Жәнібеков – болашақ криминалист.
– Мен бала кезімнен тәртіп сақшысы болуды армандадым. Осы оқу орнына түскеніме өте қуаныштымын. Бізге білім берген мұғалімдерге рахмет! Бұл – үлкен еңбек, – деді Әділ Жәнібеков. – Біз олардың үмітін ақтаймыз деп үміттенемін.

Түлектер дәстүр бойынша бірінші офицерлік вальс биледі.


Дипломдарды табыстау жалаумен символдық қоштасу және салтанатты маршпен аякталды.

ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы жарты ғасыр ішінде 20 мыңға жуық адамды шығарды, олардың 66-сы генерал болды. Тек осы жылы 250 оқушы лейтенант погонын алды.

Олардың 203-і "сотқа дейінгі тергеу" мамандығы бойынша, 47-і "жедел-криминалистикалық қызмет" мамандығы бойынша оқуын аяқтады. Он адам үздік бағамен диплом алды.
