
Қазақстанда алғаш рет робототехника бойынша ең ауқымды жарыстардың бірі – FIRST Global Challenge ұлттық кезеңі өтеді. Жеңімпаз Команда Швейцарияға 190+ команда арасында ел намысын қорғауға аттанады.
Қатысуға 14–18 жас аралығындағы оқушылар шақырылады. Ол үшін өз командаңызды келесі сілтеме бойынша 30-шы маусымға дейін тіркеу қажет https://forms.gle/tKpoShNhDNxoqzCY6 және екі сатылы іріктеуден өтіңіз (онлайн және офлайн).
Командаға үш-бес қатысушы және 18 жастан асқан бір тәлімгер кіруі керек.
Онлайн форматта бағдарламалау, роботты құрастыру және Social Media Challenge болады.
Офлайн-жарысқа осы жылдың қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін финалдық ойындарда кездесетін ең мықты 40 команда қатысады. Ұлттық кезеңнің жеңімпаз командасы Женевадағы әлем біріншілігінде Қазақстанның намысын қорғау құқығына ие болады.
Толық ақпаратты сайттан алуға болады http://firstglobal.kz.
Телеграм – арна https://t.me/firstroboticskz.
Instagram – https://instagram.com/firstroboticskz.