"Туған елге тағзым – 2022": Қарағанды НЗМ оқушылары өлкетанушы-зерттеушілер рөлінде болды

"Туған елге тағзым – 2022": Қарағанды НЗМ оқушылары өлкетанушы-зерттеушілер рөлінде болды

Қарағандының Назарбаев Зияткерлік мектебі "Туған елге тағзым – 2022" зерттеу-өлкетану экспедициясын ұйымдастырды. 40-тан астам оқушы өңірдің тарихи-мәдени көрікті жерлерін аралап, түрлі өндірістік нысандармен танысты.

– Бұл экспедиция балалардың туған өлке туралы көбірек білулері, оның тарихымен танысулары үшін өткізілді. Дәстүрге айналған жоба оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға көмектеседі. Экспедиция қорытындысы бойынша оқушылар жобалау жұмыстарын дайындап, Зияткерлік мектептердің желілік конкурсына қатыса алады, – дейді НЗМ директорының орынбасары Жұлдыз Биманова.

Биыл экспедицияға оқу жылында үздік нәтиже көрсеткен 40-тан астам оқушы қатысты. Апта бойы оқушылар Қарағандының тарихи-мәдени орындарында болып, Қарқаралыда болды.

Сондай-ақ, QazTehna, "Фитохимия" халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі, фармацевтикалық кешен және метеорологиялық станция сияқты кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

11-сынып оқушысы Әділ Шаяхметов биыл республикалық тарих олимпиадасына қатысып, 1-орын алды. Зияткер экспедиция кезінде Қазақстан қайраткерлері мен тарихи оқиғалар туралы көп нәрсе білгенін атап өтті. Ол сондай-ақ мұндай іс-шаралар мамандық таңдауға көмектесетініне сенімді.

Экспедиция қорытындысы бойынша оқушылар зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Келесі оқу жылында олар өз жобаларын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің байқауында ұсына алады.

– Мен фармацевтикалық өнімдер өндірілетін кешенге жасаған сапарымыздан керемет әсерге бөлендім. Біз әртүрлі дәрі-дәрмектердің қалай жасалынғанын өз көзімізбен көрдік. Мені биология және химия сияқты пәндер қызықтырады, сондықтан Қарағандыда вакциналар өндірісі бойынша жоба жазғым келеді, – деп бөлісті 7-сынып оқушысы Сабина Ералиева.

Өткен жылдардағы экспедициялар қорытындысы бойынша оқушылар "Қарағанды физикалық міндеттерде", "Сарыарқаның геологиялық тарихы" және т. б. қызықты жобалар дайындады.