
16 мамырдан бастап Қазақстанда Бірыңғай Ұлттық тестілеу өтуде. Ел талапкерлерінің 67%-ы шекті балл жинады, Қазақстан бойынша орташа балл 66 болды.
Қарағанды облысында негізгі ҰБТ-ға 16 мыңға жуық өтініш қабылданды. Қазіргі уақытта облыста тестілеу 12 мың рет тапсырылған.
– Оның ішінде ерекше білім алу қажеттілігі бар 24 түлек бар. Смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен жеті талапкер айырылды, – дейді Қарағанды қаласындағы "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК филиалының басшысы Динара Баймағамбетова. – Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан сегіз адам шығарылды, олардың нәтижелері жойылды.
Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Келесі ҰБТ 5 шілдеде өтеді.