
Қарағандыда 27 маусым мен 1 шілде аралығында еркін, грек-рим және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді. Республикалық біріншілікте жеңіске жету үшін еліміздің қалалары мен өңірлерінен келген спортшылар күресетін болады.
Ашылу салтанаты 27 маусым күні сағат 17:00-де өтеді.
Іріктеу, жартылай финал және жұбаныш кездесулері күн сайын 10:30-дан 17:00-ге дейін өтеді.
Финал және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі – 18:00-ден 20:00-ге дейін.
Өтетін орны – "Қарағанды-Арена" мұз сарайы.
Кіру тегін.