Қарағанды мұражайы оқушыларды танымдық сабақтарға шақырады

Қарағанды мұражайы оқушыларды танымдық сабақтарға шақырады

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы үш жылдан бері оқушыларға мұражай сабақтарын өткізіп келеді. Тек маусым айында сабаққа 250 бала қатысты.

– Оқушыларды мемлекеттік және халықтық мерекелермен, сондай-ақ еліміздің маңызды оқиғаларымен өнер туындыларының көмегімен таныстырады. Шығармашылық мұражай кеңістігіне ену және жағдайдың өзгеруі оқу процесін қызықты және есте қаларлық етеді.

Мұражай қоры негізінде "Кескіндемедегі әйел бейнесі", "Алғыс айту күні", "Жауынгерлік жанр" сабақтары өтеді. Шілде айында "Жаз бояулары", сондай-ақ "Менің сүйікті елордам" сабағы өтеді, онда Нұр-Сұлтанның мүсіндік композицияларының және елорданың басқа да көрікті жерлерінің фотосуреттері көрсетіледі, – деді мұражай директоры Бибігүл Құдабаева.

Мұражай сабақтары "Баршаға арналған өнер" бағдарламасы аясында өтеді. Оларға негізінен жазғы лагерлердің балалары келеді.

Сабақтар алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі. Келесі телефон арқылы жазылуға болады: (8-7212) 47-91-85, 47-54-75, 8-701-141-48-46.