
Кішкентай қарағандылықтар мен олардың ата-аналарын "Домбыраның алтын ішектері" ертегісінің премьерасын тамашалауға "Буратино" үлгілі қуыршақ театрына шақырады.
Қуыршақ спектаклінің негізіне "Ханның үш қызы" қазақ халық ертегісі алынды. Таңғажайып оқиға махаббат, сиқыр, берілген сөзге адалдық және алдау сияқты сезімдер туралы баяндайды.

Спектакль 1 шілде күні сағат 17:00-де, 2 және 3 шілде күні сағат 11:30-да өтеді.
Қоюшы режиссері – Елена Пак, қоюшы суретшісі – Роксана Петрова.
Билеттерді театр кассасынан және ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.