
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтарға заңды тұлғаларды тіркеу саласында қызметтер көрсетеді, олардың ішіндегі ең танымалдары автоматтандырылған және онлайн қолжетімді. Осылайша, eGov порталын бірнеше рет басу арқылы заңды тұлғаны, сондай-ақ оның филиалдары мен өкілдіктерін тіркеуге болады.
Мысалы, ЖШС ашу үшін жаңа бастаған кәсіпкерге жарғы қажет емес, тіркеу жарнасын төлеудің немесе бұрынғыдай салыққа барудың қажеті жоқ. Тек компьютер мен электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет. Егер нұсқауларды орындасаңыз, ЖШС-ны eGov-та тіркеу 30 минуттан аз уақытты алады.
Осылайша, шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға құрылтайшы (құрылтайшылар) ҚР ӘМ белгілеген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама береді. Электрондық хабарлама электрондық үкіметтің веб-порталында толтырылады және беріледі.
Бұл ретте шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғылары (ережелері) мемлекеттік тіркеу процесінде ұсынылмайды.
Тиісті өрістерді толтырғаннан кейін жүйе барлық деректердің дұрыстығын тексеруді сұрайды. Егер бәрі дұрыс болса, ақпаратты өңдейді және ЖШС тіркеу туралы анықтаманы 30 минуттан кейін береді (максимум).
Сондай-ақ, электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеуге, атап айтқанда, жарғылық капиталды азайтуға, сондай-ақ заңды тұлғаның атауын өзгертуге беру мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, басшының ауысуы, жарғылық капиталдың ұлғаюы, заңды мекенжайлардың өзгеруі, қызмет түрі туралы хабарламалардың барлық түрлерін eGov арқылы тіркеуге болады.
Жақын арада басқа да бірқатар мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа көшіру жоспарлануда, бұл бизнестің дамуына оң әсер етеді.
Бұдан әрі заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласындағы басқа да бірқатар мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру жоспарлануда, бұл бизнесті жүргізу жағдайларын жеңілдетуге, қызмет алушылар мен корпорацияның өзара іс-қимылының ашықтығына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға оң әсер етеді.
"Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Баспасөз қызметі