Қарағанды ЖМҚС балалар үйінің тәрбиеленушілеріне кәсіби бағдар беру экскурсиясын өткізді

Қарағанды ЖМҚС балалар үйінің тәрбиеленушілеріне кәсіби бағдар беру экскурсиясын өткізді

"Аяла" қайырымдылық қоры іске қосқан "Кәсіби бағдар" жобасын Gasenergy ЖМҚС желісінің Қарағанды филиалы қолдады. Станция қызметкерлері "Таңшолпан" қолдау орталығы мен дамуында ерекше мүмкіндіктері бар балаларға арналған балалар үйінен 16 баланы қонаққа шақырды.

Бұл жай экскурсия ғана болмай, ЖМҚС қызметкерлері осы салада өз мансабын қалай бастау және дамыту керектігін егжей-тегжейлі айтып берді. Жастар заманауи жанармай құю кешенінің қалай жұмыс істейтінін көрді.

Қазір ол жоғары сапалы жанармай құюға, жолда пайдалы нәрсе сатып алуға, сонымен қатар тамақ ішуге болатын орынды біріктіреді. Сондықтан кешен бойынша таныстыру туры шеберлік сабағымен аяқталды. Балалар хот-догтар мен кофе дайындауды үйренді.

Кездесу соңында экскурсанттарға естелік ретінде шағын сыйлықтар берілді.

"Кәсіптік бағдарлау" жобасының міндеттерінің бірі – балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерін әлеуеті жоғары мамандықтармен таныстыру болып табылады.

@ayala.fond