
К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театры 91-ші театр маусымының жабылуына шақырады.

Көрермендер үшін екі күндік мереке дайындалды.

Маусымның жабылуының бірінші кезеңі сенбі, 25 маусымда өтеді. Бұл күні сағат 17:00-де жыл сайынғы "Алтын олимп" театр сыйлығы тапсырылады.

Марапаттан кейін көрермендерді "Үлкен ұл" спектаклінің премьерасы күтіп тұр.
Жексенбі, 26 маусым, сағат 17:00-де "Үлкен ұл" қойылымының көрсетілімі.

20:00-де "Театрдағы түн" акциясы басталады. Ал сағат 22:00-де театр алдындағы алаңда "Fedra. Ойын" спектаклі қойылады.
"Ұзақтығы бір сағаттан бір жарым сағатқа дейін болатын "Театрдағы түн" акциясы кезінде көрермендер театрды аралап, қызметкерлеріміздің қайда жұмыс істейтінін көре алады, көптеген жаңа нәрселерді біліп, сыйлықтар ала алады. Іс-шараға алдын ала WhatsApp +7-747-786-35-13 нөмірі бойынша тіркелу қажет (қоңыраулар қабылданбайды). Билет бағасы – 1200 теңге. "Театрдағы түнге" билет спектакль билетінен бөлек сатып алынады", – деп хабарлады театрда.