
Қарағанды әскери дирижері капитан Станислав Кудабаевтың басшылығымен "Орталық" өңірлік қолбасшылығының құрама оркестрі "Әскери керней" әскери оркестрлерінің тоғызыншы фестивалінің жоғары марапатына ие болды.
"Орталық" өңірлік қолбасшылығының жиынтық оркестрінің құрамында Қарағанды, Қостанай және Көкшетау қалаларынан әскери музыканттар қатысты.
Музыкалық байқау Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің аумағында өтіп, Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналды.
Фестивальге қатысушылар – Ұлттық ұлан әскери академиясының әскери оркестрі, "Оңтүстік", "Орталық" және "Батыс" өңірлік қолбасшылықтарының құрама әскери оркестрлері Қазақ хандығынан бастап әлемдік хиттерге дейінгі сан алуан композицияларды орындады.
Мысалы, Қазақстан Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығының құрама оркестрі америкалық Lmfao – Party Rock орындаушыларының хитін ұсынды. Осылайша қайталанбас орындау үшін байқаудың бас жүлдесін алды.
– Фестиваль жыл сайын рухты көтеру, сондай-ақ Қазақстанның өскелең ұрпағын патриоттық тәрбиелеу мақсатында өткізіледі. Біз өз өнерімізді елорда тұрғындарына музыкадан ләззат алу үшін арнадық, – дейді Станислав Кудабаев.
ҚР Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша