Қарағандылық оқушылар Паралимпиада жарыстарында жақсы нәтиже көрсетті

Қарағандылық оқушылар Паралимпиада жарыстарында жақсы нәтиже көрсетті

Қонаев қаласындағы "Балдәурен" оқу-сауықтыру орталығында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен V Паралимпиада жарысы өтті. Қарағандылық оқушылар белгілі спорт түрлерінен жүлделі орындарға ие болды.

Біздің команда құрамына есту, көру қабілеті шектеулі, тірек-қимыл аппараты зақымданған, менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың 14 тәрбиеленушісі кірді.

Сонымен, № 2 арнайы мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Айдын Бақшабаев қол күресінен екінші орын алды.

Жүзу бойынша үшінші болып № 4 арнайы мектеп-интернатынан Дәулет Еркебаев болды.

Сондай-ақ үшінші орында №2 арнайы мектеп-интернатының оқушылары арбадағы бишілер Дастан Төкен мен Мария Юрковец орналасты.

Волейболдағы төртінші нәтижені № 3 арнайы мектеп-интернатының командасы көрсетті.

– Мен бірнеше жылдан бері облыстық мүгедектер спорты бойынша мамандандырылған мектепте армрестлингпен айналысып келемін. Мені Руслан Түспеков жаттықтырады. Бұл үшінші паралимпиадалық жарыстарым, мен оған дейін де жүлделі орындарға ие болғам. Алдағы уақытта да спортпен айналысуды жоспарлап отырмын, – деді Айдын Бақшабаев.

Жарыс волейбол, шахмат, жүзу, армрестлинг, парабилер сияқты пәндер бойынша өтті.