Есірткіге қарсы спорт: Қарағандыда жастар арасында жарыс өтеді

Есірткіге қарсы спорт: Қарағандыда жастар арасында жарыс өтеді

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Тәуелді болма – азаттардың бірі бол!» атты ұранмен «Спорт есірткіге қарсы» жарысын жариялайды. Шараға 9 бен 30 жас аралығындағы спорт әуесқойлары қатыса алады.

Жарыстар үш жас санатына бөлінеді. 9–11 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар 1500 метр, 12–15 жас аралығындағылар 2600 метр, 16 мен 30 жас аралығындағылар 7000 метр қашықтыққа жүгіреді.

Қатысушыларды тіркеу және қатысушы нөмірлерін беру 24 маусымда Н.Әбдіров атындағы спорт сарайында (2 қабат) сағат 13:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Жарыс 26 маусымға жоспарланған. Спортшыларды ту тұғырының алдындағы алаңда (Оңтүстік-Шығыс, Сарыарқа көш.) сағат 10:00-де күтеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар, медальдар және ақшалай сыйлықтарға ие болады.