
Приозерскіде 7 мен 16 жас аралығындағы балалар арасында «Топжарған» ұлттық жекпе-жек сайысы өтті.

Жарысқа 17 салмақ дәрежесі бойынша 70-тен астам жас спортшылар қатысты.

Турнирді Приозерск қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

– Мұндай сайыс алғаш рет өткізілді. Жас спортшылар сайыста жігер танытып, батылдықтары мен қайсар мінездерін көрсетті. Ұлттық жекпе-жекпен қалада 200 астам бала мен жасөспірім шұғылданады. Ол үшін барлық жағдайлар жасалуда, – деп атап өтті Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Ұлан Алмас.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар жеке спортшылар «Үздік техникалық нокаут», «Үздік ауырту тәсілі» және «Үздік жекпе-жек» атты номинациялар бойынша марапатталды.
