
Қарағанды облыстық Экологиялық мұражайында 21-ші рет Garage sale қайырымдылық акциясы өтеді. Қарағандылықтарды іс-шараға 25 маусым күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қатысуға шақырады.
Жәрмеңкеде қолдан жасалған бұйымдар, кітаптар, балалар мен ересектерге арналған киім, аяқ киім, кәдесыйлар, ойыншықтар және т.б. сатып алуға болады. Бағдарламада қаланың әншілері мен би ұжымдары өнер көрсетеді.
Акция егіз Мария мен София Морозоваларға қолдау көрсету мақсатында өтуде. Сал ауруы диагнозы бар қыздарға оңалту курсы қажет. Оның құны - 200 мың теңге.
Айта кету керек, акция жүзеге асырылып келе жатқан жылдары 20-дан астам адамды қолдау үшін 2,5 млн теңгеден астам қаражат жиналды.
Жәрмеңке ұйымдастырушылары – "Радость" қайырымдылық дүкені, We Help ҚҚ, экомузей, "ЭкоОбраз" және Қарағанды қаласының белсенділері.