Қазақстанда халықтан ұсыныстар жинау платформасы іске қосылады

Қазақстанда халықтан ұсыныстар жинау платформасы іске қосылады

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарына арналған электрондық платформа Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ресми сайтында құрылады.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жобасын іске асыру шеңберінде АБҚО ресми сайтында қазақстандықтарға өзекті мәселелерді шешу бойынша өтініштер мен ұсыныстар енгізуге мүмкіндік беретін Birgemiz краудсорсингтік платформасын іске қосады.
Ұсыныстарды жинау ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін жалғасады. Бұдан әрі халықтың қажеттіліктеріне сәйкес келетін ұсыныстар егжей-тегжейлі талданып, мемлекеттік органдарға жіберілетін болады.
АБҚО ресми интернет-ресурсына сілтеме: https://cisc.kz/kk/15062022.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарлауынша