Қарағандылықтар "Алтын Гефест" ұлттық байқауының жеңімпаздары атанды

Қарағандылықтар "Алтын Гефест" ұлттық байқауының жеңімпаздары атанды

Нұр-Сұлтанда "Алтын Гефест" ауқымды ұлттық салалық байқауының қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар арасында бес қарағандылық бар.

Astana Mining & Metallurgy Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі шеңберінде өткізілген конкурсқа геология, тау-кен ісі және металлургия саласының мамандары, жобалау, ғылыми, оқу орындары мен кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ журналистер қатысты.

"Алтын Гефест" сыйлығы 14 номинация бойынша берілді.

"Жыл кеншісі" номинациясында "Қазақмыс" корпорациясы "ЖШС "Қарағандыцветмет" ӨБ "Нұрқазған" жерасты кенішінің директоры Мұқан Оңғытбаев үздік деп танылды.

"Алтын Гефест" иегері 1988 жылдан бері осы салада еңбек етіп келеді.

Тазалау кенжарының бұрғылаушысы ретінде еңбек жолын бастап, Жезқазған аймағының кеніштерінде тау-кен шебері және учаске бастығы болып жұмыс істеді. Әр жылдары Мұқан Оңғытбаев бірнеше тау-кен кәсіпорындарын басқарды. Оның еңбегі салалық наградалармен, оның ішінде барлық үш дәрежелі "Кенші даңқы" ("Шахтер даңқы") төсбелгісімен атап өтілген.

"Жыл шахтёрі" номинациясын "АрселорМиттал Теміртау" АҚ "Саран" шахтасының директоры Владимир Шнель иеленді.

Ол осыдан 32 жыл бұрын өз өмірін шахтамен байланыстырған. Костенко атындағы шахтада жерасты тау-кен жұмысшысы болып бастаған. "Казахстанская" шахтасында жұмыс істеді – алдымен бас инженер, содан кейін директор болды.

– Бұл менің марапатым емес, мен жұмыс істеген ұжымның марапаты. Костенко шахтасы мені шыңдады. "Қазақстан" және "Саран" шахталарының қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіремін. Барлық жеңімпаздарды құттықтап, қауіпсіз еңбек тілегім келеді. Ең бастысы – адамдардың өмірі мен денсаулығы, – деді Владимир Шнель.

"Жылдың ғалым-педагогы" номинациясы техника ғылымдарының докторы, ҚазҰЖҒА академигі, Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ГРМПИ кафедрасының профессоры Юрий Пакқа берілді.

Белгілі және еңбек сіңірген педагог, Юрий Пак – 400-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 30-дан астам оқулық пен оқу құралының, 18 монографияның және 50-ден астам авторлық куәліктер мен өнертабысқа патенттердің авторы.

Күл-шлактар туралы жылдың үздік дипломдық жұмысын Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті Анастасия Стекольникова жазды. Оның жұмысының тақырыбы қазіргі уақытта өзекті.

Ол күл-шлак қалдықтарын олардың түзілу көлемінің өсуіне және қоршаған ортаға орналастырылуына байланысты пайдалану қажеттілігі мәселесін ашып көрсетеді. Мысал ретінде Қарағанды облысының кәсіпорындары қарастырылды. Дипломдық жұмыстың жетекшісі – РАиОТ кафедрасының аға оқытушысы Елена Цешковская.

"Баспасөздегі және интернет-ресурстардағы ТМК туралы үздік журналистік жұмыс" номинациясында Теміртау журналисті Олег Гусев үздік деп танылды.

Номинацияларды жеңіп алған жобалар ақшалай марапаттарға ие болды, студенттер ірі компанияларда тағылымдамадан өту мүмкіндігі, ал журналистердің материалдары халықаралық басылымдарда жарияланады.