
Қарағанды халықты жұмыспен қамту орталығы бос орындар жәрмеңкесінде қала тұрғындарына 2800-ден астам жұмыс орнын ұсынды.

35 кәсіпорын мен ұйым жұмыс беруші ретінде қатысты.

"Жәрмеңкеде 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында 256 азамат кеңес алды, оның 118-і жұмысқа орналасу үшін жолдама берілді", – деп хабарлады халықты жұмыспен қамту орталығы.

Сондай-ақ, іс-шарада "Жастар практикасы", "Алғашқы жұмыс орны", "Ұрпақтар келісімшарты", "Күміс жас", "Әлеуметтік жұмыс орны", "Қоғамдық жұмыстар", "Кәсіптік оқыту" бағыттары бойынша жұмысқа орналастыру бойынша кеңес беру жұмысы ұйымдастырылды.


@czn_karaganda