«Жолдағы қабылдау» акциясында Қарағанды облысы бойынша 350-ден астам өтініш түскен

«Жолдағы қабылдау» акциясында Қарағанды облысы бойынша 350-ден астам өтініш түскен

Қарағанды облысында полицейлер халық көп жиналатын орындарда, сауда үйлерінің жанында кеңес беру бекеттерін ұйымдастырды. «Жолдағы қабылдауда» 150-ден астам адамның сұрақтарына жауап берілді, олардан 368 өтініш түскен.

Бекеттердің бірі Қарағандыдағы «Грандстор» сауда үйінің жанынан ұйымдастырылды. Владимир Белоус әріптесімен бірге тәртіп сақшыларымен кеңесу үшін арнайы келген.

– Біз «Таир» сауда үйінде автотұрақ қызметшісі болып жұмыс істейміз. Автотұраққа қатысты сұрақтарымыз көп. Келушілер көліктерін дұрыс қоймайды. Адамдарға түсіндіре бастасақ, олар бізді елемейді. Полиция қызметкерлері мұндай адамдармен қалай жұмыс жасау керектігін және қандай жағдайда наряд шақыруға болатынын түсіндірді, — дейді Владимир Белоус.

 «Жолдағы қабылдау» акциясы полицияның халықпен өзара әрекеттесуінің сервистік моделіне көшу мен «Қолжетімді полиция» қағидатын жүзеге асыру аясында өткізілуде.

– Азаматтар кеңес сұрап жатыр. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы саласындағы, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша тұрғындарды көші-қон заңнамасы да қызықтырады, – деді Қарағанды облысы бойынша ПД ӘПБ бөлім басшысы Жахат Есщанов. – Негізінде полиция қызметінің барлық саласында сұрақтар туындайды. Біз олардың барлығына жауап беруге тырысамыз.

Небәрі екі күндік шарада тәртіп сақшыларына 156 адамнан 368 өтініш түскен. Олардың басым бөлігі көлік құралдарын тіркеу, айыппұлдарды төлеу, жүргізуші куәлігін алу және ауыстыру және басқа да мәселелерге қатысты болды.

Полицейлердің теріс қылығына (8-7212) 42-93-39 телефоны арқылы шағымдануға болады.