Қарағанды облыстық жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмысын Денсаулық сақтау министрлігі атап өтті

Қарағанды облыстық жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмысын Денсаулық сақтау министрлігі атап өтті

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалады. Көп жылғы жемісті еңбегі үшін станция дәрігері мен фельдшері марапатқа ие болды.

Роман Шинге "Еңбек ардагері" медалі табысталды. Ол Теміртау қаласының Жедел медициналық жәрдем подстанциясының дәрігері лауазымында 1985 жылдан бері еңбек етіп келеді.

Бибігүл Мұқанова "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталды. Өзінің еңбек жолын №4 қосалқы станцияның жедел жәрдем фельдшері лауазымында ол 1990 жылы бастады. Бұл қызметте ол әлі де жұмыс істейді.

@103_karaganda