
Қарағандының Орталық мәдениет және демалыс саябағында ашық аспан астындағы кинотеатр пайда болды.

"Аумақ шамдармен безендірілген, әр қонаққа үлкен, жайлы, жұмсақ орындық, көрпе беріледі. Орындар саны шектеулі – барлығы 20. Фильмдер проектор арқылы үлкен экранда көрсетіледі. Көру құны – 1500 теңге", – деп хабарлады саябақтар басқармасында.
Кесте мен нақты орналасқан жерді @skycinema_krg-ден көруге болады.
Орындарды +7-700-679-39-45 нөмірі бойынша брондауға болады.