
Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрында жыл сайынғы "Еңлікгүл" сыйлығының "Үздік театр" номинациясында қарағандылық музыка комедия театры марапатталды.

— Қазақстан Театр қайраткерлері Одағының "Еңлікгүл" театр сыйлығы 2010 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Жеңімпаздар 14 номинация бойынша таңдалды. Біз жас ерекшеліктеріне қарамаймыз, жұмысты ескереміз, — дейді Қазақстан Театр Қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов.

"Еңлікгүл" кәсіби сыйлығы театр өнері саласындағы шығармашылық жетістіктері үшін беріледі.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, байқаудың негізгі міндеті еліміздің бірыңғай мәдени кеңістігін нығайту және тұрақты шығармашылық алмасу үшін жағдай жасау, талантты театр авторлары мен орындаушыларды анықтау, тану және көтермелеу болып табылады.