Қарағандының М. О. Әуезов атындағы кітапханасында домбырада ойнау бойынша шеберлік сабағы өтеді

Қарағандының М. О. Әуезов атындағы кітапханасында домбырада ойнау бойынша шеберлік сабағы өтеді

М. О. Әуезов атындағы Қарағанды Орталық қалалық кітапханасы Ұлттық домбыра күніне орай "Домбырам асыл мұрам" атты шеберлік сабағын өткізеді. Аспапта ойнауды үйренгісі келетін балалар 1 шілдеде сағат 11:00-де кітапхананың коворкинг-орталығына келуі тиіс.

– Сабақ барысында кітапхана қызметкерлері келушілерге домбыра мен қасиетті аспаптың тарихы туралы ақпарат беріп, ойындар өткізеді. Шеберлік сабағына домбырада ойнауды үйренгісі келетін жасөспірімдер қатыса алады. Бұл сәуір айынан бері өткізіліп отырған екінші шеберлік сабағы. Сабақты "Есіл" студиясының жетекшісі Ерасыл Теміреев өткізеді. Ол балаларға домбыраны дұрыс ұстауды үйретеді және онда қалай ойнауды көрсетеді. Сабақ соңында күй орындайды, – деді кітапхана қызметкері Махаббат Саменова.

Шеберлік сабаққа алдын-ала жазылуға немесе оны өткізген күні келуге болады.

Анықтама телефоны: 42-12-26.