Қарағандылықтарды қазақ мәдениетінің фестиваль-байқауына қатысуға шақырады

Қарағандылықтарды қазақ мәдениетінің фестиваль-байқауына қатысуға шақырады

Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ "Өнеріміз саған - Қазақстан!" облыстық фестиваль-байқауын өткізетіні туралы жариялайды. Іс-шара Қазақ ұлттық өнерін жетік меңгерген этностар мен этномәдени бірлестіктер өкілдері арасында өтеді.

Фестивальге жасына қарамастан барлық тілек білдірушілер қатыса алады.

Ұйымдастырушылар байқауға қатысушылардың шеберлігін бірнеше номинация бойынша бағалайтын болады:

- "Поэзия" (поэтикалық шығармаларды қазақ тілінде оқу);

- "Вокалдық орындау" (қазақ тілінде ән айту);

- "Би" (қазақтың ұлттық билерін орындау);

- "Аспаптық орындау" (Қазақ халық аспаптарында ойнау).

Қатысушылардың сахналық костюмі ұлттық қазақ стилінде болуы тиіс.

Өтінімдер мен бейне баяндамалар 25 маусымға дейін қабылданады. Оларды e-mail-ге жіберу қажет: otdel_razvitia_dd@mail.ru, otdel_omm@bk.ru.

Толығырақ конкурс туралы ережеде.

Анықтама телефондары бойынша: (8-7212) 90-03-04, +7-775-989-45-43, +7-707-420-40-50.

Фестиваль 29 маусымда Қарағанды қаласының Достық үйінде өтеді.