Шет ауданының командасы облыстық ауыл жастары ойындарының жеңімпазы атанды

Шет ауданының командасы облыстық ауыл жастары ойындарының жеңімпазы атанды

Қарағандыда облыстық ІІ жазғы жасөспірімдер ойындары аяқталды. Бірінші орынды Шет ауданының спортшылары, екінші орынды Бұқар жырау, үшінші орынды Осакаров ауданы жеңіп алды.

Жарысқа өңірдің сегіз ауылдық ауданынан 800 бала мен жасөспірім (2007–2009 ж. т.) қатысты. Олар спорттың жеті түрінен: асық ату, қол күресі, баскетбол, волейбол, дзюдо, үстел теннисі және мини-футболдан жеңіске жету үшін өзара бақталасқа түсті.

– Біздің команда осындай ауқымды жарыстарға бірінші рет қатысып отыр.  Мектеп залында ойнауға дағдыланып қалғанбыз. Бұл жарыстарға қатысу біз үшін әлем чемпионаты іспетті, – деп атап өтті Бұқар Жырау ауданының волейболшысы Рахымбек Сыздықов.

Жалпы командалық сынақтың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен және дипломдармен марапатталды.

Спорт түрлерінен 1–3 орын алған командалардың қатысушылары мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды.

Жарыс қорытындысы бойынша 24 шілде мен 5 тамыз аралығында Талдықорғанда өтетін республикалық ойындарға қатысу үшін облыс құрамасын құрады.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында алғашқы жасөспірімдер ойындары 2019 жылы өтті. Ол кезде аудан командалары арасындағы орындар келесідей бөлінді: бірінші – Осакаров, екінші – Ақтоғай және үшінші – Абай.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы