Қарағанды облысының Соқыр ауылында жолдар жөнделді

Қарағанды облысының Соқыр ауылында жолдар жөнделді

Бұқар Жырау ауданының Соқыр ауылында жолдар ретке келтірілді. Үш шақырымды орташа жөндеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді.

«Мир дорог» ЖШС мердігерлік компаниясы өткен аптада асфальт төсеу мен жолақтарын белгілеуді аяқтады.

«Біз көп жылдан бері қалыпты жолдар туралы армандадық. Биыл біз олардың жөнделгенін көріп, қуанып отырмыз. Енді жол жүрі анағұрлым ыңғайлы. Бұрын асфальт тек ауылға кіре берісте болатын. Қазір оны ішкі көшелерге де төседі», – деді жергілікті тұрғындар.

Ауылда барлығы 300-ден астам адам тұрады. Елді мекенде мектеп және дәрігерлік амбулатория бар.

Жақын арада мұнда шағын футбол алаңын орнату жоспарлануда. Жұмыстар басталды.