
Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры XXXIX маусымының жабылуына шақырады. Гала-концерттер Қарағанды мен Теміртауда өтеді.
Оған жетекші солистер, балет әртістері мен театр хоры қатысады. Концерттер «Астана Опера» театрының дирижері Руслан Баймурзиннің жетекшілігімен КАМКТ симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді. Бағдарламада – қазақ композиторларының шығармалары, танымал мюзиклдер мен оперетталардың ариялары бар.
24 маусымда өнер сүйер қауымды Теміртау мәдениет сарайында күтеді. Басталуы 18:30.
Екінші концерт 26 маусымда Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында өтеді. Басталуы 17:00.
Билеттерді театр кассасынан немесе ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.
Анықтама телефоны: 41-06-50.