Теміртаулық көңілді және тапқырлар клубы "Сибирь" лигасының күміс жүлдегерлері атанды

Теміртаулық көңілді және тапқырлар клубы "Сибирь" лигасының күміс жүлдегерлері атанды

Теміртаулық "Нестандартная" көңілділер және тапқырлар командасы "Сибирь" КВН лигасының халықаралық одағының ширек финалында күміс жүлде жеңіп алды. Ойын Новосібірде өтті.

Бәсекелес ретінде үш жергілікті және Омбының бір командасы болды. Омбылықтармен тартысты күрес болды.

– Біз Омбы жігіттерімен бір толқында болдық, – дейді "Нестандартные" командасының капитаны Ерқанат Меней. – Конкурстан конкурсқа өткенде біз оларды біресе озып, біресе қалып қойып отырдық. Нәтижесінде біз екінші орынды иелендік. Барлық командалардың дайындығы жоғары деңгейде болғанын атап өткім келеді. Зал бізді өте жақсы қабылдады.

Конкурстар көп болды, және олардың барлығы командалардың әлеуетін ашуға мүмкіндік берді. Әр түрлі тақырыптарда – тұрмыстық мәселелерден бастап саяси тақырыпқа дейін қалжыңдастық.

Айта кету керек, бұл жолы жеңіс үшін жайдарманшылар үш адамнан құралған топпен сапарға аттанды. Команда капитанынан басқа тәжірибелі әзілкеш Данил Койсин және жаңадан келген Арайлым Тілеубек өнер көрсетті.

Қазір олар жартылай финалдық ойынға белсенді дайындалуда.

Сібір лигасы ең күшті болып саналады. Егер Теміртаудан келген команда финалға өтетін болса, онда Сочи халықаралық фестивалінде телевизиялық лигаға қатысу мүмкіндігі пайда болады.