Қарағанды облысының жастарын тегін курстарға шақырады

Қарағанды облысының жастарын тегін курстарға шақырады

Қарағанды облысының жастар және балалар ұйымдарының одағы және жастар саясаты мәселелері басқармасы 20 маусым мен 14 тамыз аралығында іскерлік этика, қаржылық сауаттылық сияқты бағыттар бойынша "Microsoft Office" қосымшасы бойынша және Telegram Tilda Taplink Canva-да жұмыс істеу бойынша тегін курстар өткізеді. Олар 14–29 жас аралығындағы жастар үшін ұйымдастырылған.

Іскерлік пакет коммуникация және іскерлік келіссөздер дағдыларын дарытуға, этикет негіздерімен таныстыруға, түйіндеме жасау, іскерлік хат жазуға бағыттайды.

Қаржылық пакет инвестициялауға және қаражат жинауға үйретеді (отбасылық бюджетті тиімді басқару, тұрғын үй-жинақ және ақша салымдары, cryptocurrency және т. б.).

Оқыту форматы аралас – онлайн және офлайн. Өтінімдер 19 маусымға дейін қабылданады.

Курстарға келесі сілтеме бойынша тіркелуге болады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdnvPW1LKQB3oIuUh2OEVkhD5FJl_jdF2R84SHhsa_NqocKKA/viewform?usp=sf_link немесе @jasprokrg бетіндегі профиль тақырыбында.

Барлық сұрақтар бойынша байланыс орталығына 8-705-300-32-03, 8-700-550-60-80 нөмірлеріне хабарласуға болады.