
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет Басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын ұсыну жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлады. 2022 жылы әрбір грантқа 3 млн теңгеден 30 грант берілетін болады.
Грант берудің мақсаты белсенді шығармашыл жастарға мемлекеттік қолдау болып табылады. Конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде жасы 14-тен кем емес және 29-дан аспайтын, конкурсқа қатысуға өтінім берген Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы үміткер бола алады.
Гранттар Қазақстан Республикасының азаматына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі:
«Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және дайындауға арналған;
«Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.
Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:
1) нысан бойынша жобаның сипаттамасы;
2) жобаның бейне-таныстырылымы (60 секундтан аспайды);
3) шығыстар сметасының жобасы;
4) зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуы тиіс.
Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) ағымдағы жылғы 14 тамызға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі Әкімшілік ғимараты (14-кіреберіс); Байланыс нөмірлері: (8-7172) 74-12-78, 8-702-000-88-12 (электрондық нұсқасы) generation.kaz@gmail.com поштасына қабылданады.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі