
"Менің қалам" жобасы аясында "Әнім саған, Қарағанды" байқауына өтінімдер қабылдау басталды. Ол мүмкіндігі шектеулі 18 жасқа дейінгі вокалды орындаушылар арасында өтеді. Биыл жоба балалар жылына арналған.
Қазылар алқасы орындаушыларды бірнеше критерийлер бойынша бағалайды. Олардың қатарында шеберлік, ойын-сауық, концерттік костюм және нөмір қою бар.
Өтінімдер 30 маусымға дейін қабылданады.
Финалистер шілде айында таңдалады.
Ал тамыз айында гала-концерт өтеді, онда жеңімпаздар анықталады.
Конкурсқа қатысу үшін ережемен танысып, онлайн өтінімді мына сілтеме бойынша толтыру қажет: https://forms.gle/feGNu5LhWNemuFKD7, электрондық поштаға жіберу: apko2011@mail.ru немесе офлайн: Гоголь көшесі, 31, 204 кеңсе.
Барлық мәліметтер: mykaragandincy.kz сайтында және мына телефондар бойынша: (8-7212) 40-08-63, +7-700-526-28-88 (жоба менеджері Дана).
Байқаудың ұйымдастырушылары – Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша Қарағанды әкімдігі және "Қарағанды облысының кәсіпкерлер ассоциациясы" ҚБ.