
Екінші жыл қатарынан Теміртау қаласының Мәдениет сарайы балаларға таза ауада тегін жазғы лагерь ұйымдастырып келеді. Мұнда балаларды шеберлік сыныптары, шығармашылық станциялар және басқа да ойын-сауық іс-шаралары күтеді.

Лагерьге 7 жастан 13 жасқа дейінгі балалар жазыла алады. Келесі бағыттар бойынша төрт тақырыптық маусым дайындалды: шығармашылық, медиа, еріктілік және экология.

Бір маусымға 20-дан астам бала қабылданады. Ұзақтығы – 10 күн.

Шығармашылық маусым басталды. Ол 24 маусымға дейін жалғасады. Ұйымдастырушылар ата-аналардан бұл шарадан қалыс қалмауды сұрайды, жазылу әлі жалғасуда.
Еріктілер маусымы 27 маусым мен 8 шілде аралығында өтеді.
11–22 шілде аралығында жас теміртаулықтарды БАҚ пен медиа маусымы күтіп тұр.
Соңғы, экологиялық маусым 25 шілдеде басталады. Лагерь жұмысын 6 тамызда аяқтайды.

– Балалармен педагог және тәлімгер айналысады. Сонымен қатар, біз "Шаңырақ" еріктілер орталығымен ынтымақтасамыз, сондықтан бізге тағы екі волонтер көмектеседі, – дейді Мәдениет және демалыс бөлімінің мәдени ұйымдастырушысы Виолетта Куклина.
Лагерьдің жұмыс уақыты 10:00-ден 13: 00-ге дейін.
Келесі телефон нөмірі арқылы жазылуға болады: + 7-705-972-09-23 (WhatsApp).