Бұқар Жырау ауданының мұрағаты еңбек сіңірген педагог Нұриден Өмірбаевтың жеке құжаттарымен толықты

Бұқар Жырау ауданының мұрағаты еңбек сіңірген педагог Нұриден Өмірбаевтың жеке құжаттарымен толықты

Бұқар Жырау ауданының мұрағаты "Құрмет" орденінің иегері, педагогикалық еңбек ардагері Нұриден Өмірбаевтың құжаттарымен толықты.

Ростов тірек мектебінде жеке мұрағат таныстырылды.

Бұқар Жырау ауданының Құрметті азаматы Нұриден Өмірбаев өмірінің көп бөлігін педагогикаға арнады. 1997 жылдан 2020 жылға дейін Ростов ауылында мектеп басқарды. 2000 жылы оқу орны Қазақстанның үздік ауыл мектебі болып танылды. Ал 2003 жылы ол ресурстық орталыққа айналды және облыста инновациялық бағдарлама бойынша оқытуды алғашқылардың бірі болып бастады.

Ростов мектебінің оқушылары Нұриден Өмірбаев басқарған жылдары бірнеше рет республикалық конкурстар мен олимпиадаларда жеңіске жетті.

Екі жыл бұрын еңбек сіңірген педагог өмірден озды. Мұғалімнің жұбайы Махфуза Қабылқаримова марқұмның жеке құжаттары мен жазбаларын аудан мұрағатына тапсырды.

– Біз мұғалімнің жұбайына ұсыныс жасадық. Ол бізге оның тарихи құндылығы бойынша сараптамадан өткен құжаттарын берді. Құжаттарды мұрағатқа қабылдап, еске алу кешін өткізуді шештік, – деді Бұқар Жырау ауданы мемлекеттік мұрағатының басшысы Дана Шибаева.

Қор педагогтың 59 жеке құжаттарымен толықтырылды. Олардың ішінде оның дипломдары, марапаттары мен фотосуреттері бар.

– Нуриден Марякұлы – еңбек сіңірген мұғалім. Оның жеке құжаттары мұрағаттан лайықты орын табады. Оның мұрасы пайдалы болатынына сенімдімін, – деп атап өтті мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Нелдібаев. – Бұрын өңірде 20 архив болған. Жаңа облыс құрылғаннан кейін бізде оның 15-і қалды. Бүгінгі таңда оларда шамамен 3 миллион құжат бар. Біздің мақсатымыз – оларды сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу.