Қарағандыда аты аңызға айналған рок әнші Виктор Цойды еске алып, әндері шырқалады

Қарағандыда аты аңызға айналған рок әнші Виктор Цойды еске алып, әндері шырқалады

Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Кино» тобының жетекшісі Виктор Цойға арналған «еркін микрофонға» қатысуға шақырады. 2022 жылдың 21 маусымында танымал рок-музыкант, ақын және киноактер 60 жасқа толар еді.

«Цой есімді жұлдыз» іс-шарасы 21 маусымда сағат 12:00-де өтеді.

Қарағандылықтарды Н. Төлепов көшесі, 5 (бұрынғы Олимпиийская көшесі) мекен-жайы бойынша орналасқан Виктор Цой ескерткішінің алдында, қалалық стадионның сыртында күтеді.

Іс-шарада өнер көрсеткісі келгендер (өлең оқу, ән айту және т.б.) ұйымдастырушылармен хабарласуы керек.

Телефондар: (8-7212) 43-07-04, +7-705-138-25-97.